Қазақстан • 02 Тамыз, 2017

Ұлттық сана ана тілмен қалыптасады

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлем­де бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең бастал­ды», деп жазыпты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп ата­латын мақаласында.

Ұлттық сана ана тілмен қалыптасады

Бұл мәселе қазір әлемнің өрке­ниетті елдерінің бәрінде қызу талқыланып, тығырықтан шығар жолдың түрлі нұсқалары қарастырылуда. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің жұртшы­лық талқысына салған «Біртұтас Ұлт болу»  жолындағы ой-толғаныс­тарын­да көпшіліктің көкейінде жүрген көп сауалға жауап бере алады. Сол се­бепті оған тек Қазақстан ғана емес, әлемнің өзге де елдеріндегі саясат­керлер, ғалымдар мен өзге де ғылым салаларындағы сарапшылар да қызығу­шылық танытуда.
Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында ұсынған – Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»; «Туған жер» бағдарламасы, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сияқты алдағы уақытта қолға алынатын жобаларының бәрі көпшіліктің көкейінен шығары сөзсіз. 
 «Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, то­маға-тұйықтықтан қашу керек» деген ұстанымын кеңейтіп, бағдарламалық мақаласында ұлттық сананы жаңғыртудың нақты жолын көрсетіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев баршамызға ұлт мүддесі жолында бірігудің   маңызын барын­ша түсіндіріп берді. «Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады... Ел көшін бастау – маған сын болсын, мені қоштау – елге сын болсын» деген Елбасына дәл қазіргі кезеңде біздің де қолдауымыз өте қажет деп ойлаймын.


Клара САДЫРБАЕВА, 
Өзбекстанның Науаи облысындағы 
қазақ мәдени орталығының төрайымы (Өзбекстан)